Базарбай Кучаровтың базынасы қисынды ма?

Screenshot_1.jpg

«Рейтинг» газетінің биылғы 1 қарашада жарық көрген №42 санында «Қайрат Балабиев басқаратын деп корпус қайран қалдырды. «Қыз зорлады» деген күдікпен қамалған адам облыстың «Құрметті азаматы» атанды» деген тақырыппен мақала жарияланған болатын. Мақала оқырмандар арасында қызу пікір туғызса керек, тіпті мақаланың басты кейіпкері Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Базарбай Кучаров та үнсіз қалмапты. Басылымның жазуынша Кучаров редакцияға арнайы хат жолдаған.   

Өзінің  хатында ол мақала оны Түркістан облысы халқы алдында масқаралап, отбасының берекесін кетіріп, ұл-қыздары, немерелері, туыстары, достары, жегжаттары алдында, жалпы Мақтаарал ауданындағы тәжік қауымдастығы алдында жүзін төмендеткенін жазыпты.  Еске түсіре кетейік, мақалада редакцияға хабарласқан оқырманның талап-тілегіне орай,  уақтысында қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынып, кейін ақталып шыққан, биыл «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атанған Базарбай Кучаровтың өміріндегі біраз жайттар және оның өз аузынан шыққан сөздер өзгеріссіз  жазылған. Алайда Базарбай ақсақалға өзіне қатысты жайттардың газет бетіне жарияланып кеткені ұнамаған сияқты.

- Осы мақала газетке шығар алдында сіз менен істің мән-жайын сұраған едіңіз. Менің айтқанымдай, бұл басынан аяғына дейін жала. Менің қылмысқа қатысым жоқ. Оны құжат арқылы да дәлелдей аламын. Менің үстімнен қыз зорлады деп, арыз берілді. Қамауға алындым. Бірақ тергеу кезінде менің мұндай қылмысты жасамағаным дәлелденіп, ақталып шықтым. Сол кездері арызданушы азаматшаның менен 25 мың АҚШ долларын талап еткені де рас. Кейін ол сыбайластарымен бірге мені бопсалағаны үшін екі жылға сотталды. Ол менен басқа тағы бір азаматты «полицияға зорлады деп арыз жазамын» деп, қорқытып,   10 мың АҚШ долларын талап еткен. Іс қайта қаралып,  сот азаматшаның жазасына жаза қосып,  7 жылға бас бостандығынан  айырды. Мені жазықсыз 51 күн түрмеде ұстағаны үшін облыстық ішкі істер департаментін сотқа беріп, 770 886 теңге моральдық,  материалдық шығын өндіріп алдым. Осы арызды негізгі ұйымдастырушы журналистің үстінен сотқа арыз бердім. Бірақ ортаға бірнеше құрметті азамат түскен соң,  арызымды қайта алдым. Егер мен ол әйелді заң жүзінде тоқтатпағанымда талай азамат  отбасыларынан айырылып, ұл-қыздары азап шегетіні, өмірлерінің кейбір жылдарын темір тордың ішінде өткізетіні анық еді,-депті хатта Базарбай ақсақал.

Оның жазуынша, уақытында Шымкенттен шығатын бір тәуелсіз газет  ол туралы 8 бет мақала жариялапты. Кейін ақталып шыққан кезде одан бас редактор газет арқылы кешірім сұрапты (айта кетері, қазіргі уақытта  бас редактор да, жоғарыдағы журналист те бұл дүниеде жоқ).   Осыны алға тартқан ақсақал хатын:

- Егер  менен кешірім сұрамасаңыз, газеттің бас редакторы-мақала авторы ретінде мен сізді сотқа беруіме тура келеді, -деген сөздермен аяқтапты.

Редакцияға келген Кучаровтың өзі де «кешірім сұрамасаңдар сотқа беремін» дегенді алға тартқан. Алайда заңда кешірім сұрау деген ұғым жоқ. Өйткені кешірім сұрау әркімнің жеке қалауымен, өткен ісіне шын өкінуінен туындайтын әрекет емес пе? Бұл жерде тек теріске шығару деген бар. Ал «Рейтинг» газеті мақалада теріске шығаратындай  өтірік немесе ойдан қосылған дүние жоқ екендігін ескерткен. 

"Рейтинг" газеті

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент екі Заңға қол қойды
  • Созақта шенеуніктер сәбіздің келісін 16 мың теңгеден сатып алуды жоспарлаған
  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер