Әкімі жоқ Ордабасыдағы заңсыз әрекеттер

istockphoto-508069508-612x612.jpg

Ордабасылық шенеуніктер үшін биылғы жыл онша жайлы бола қоймаған сияқты. Шілдеде ауданның әкімі Рашид Қайыпжанов пара алды деген айыппен ұсталып, сотталып кеткені белгілі. Алты айдан бері бос тұрған орынтаққа айналдырған бір аптаның ішінде кадр тағайындалып кетпесе, Жаңа жылды аудан халқы әкімсіз қарсы алғалы тұр. 

«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деген сөз осындайда еске түседі. Әкімі жоқ аудандағы шенеуніктер «бармақ басты, көз қысты» әркеттерге бара бастаған. Мұны мемлекеттік ішкі аудит департаментінің қызмектерлері анықтап отыр. Дәлірегі шенеуніктер тендер өткізуде бұра тартады, біреуге артықшылық береді, біреуді аяғынан шалады. 

Аудандық Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы –  мемлекеттік аудитор Е.Сейдуллаевтің «Рейтинг» газетіне берген мәліметіне қарағанда,  аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұйымдастырған Шұбарсу ауылындағы Қазыбек би көшесін орташа жөндеуге өткізілген ашық конкурстың заңдылығына камералдық бақылау жүргізіліп, бірқатар заң талаптарының сақталмағаны анықталған. 

Атап айтқанда әлеуетті өнім берушілер «СК Строй-монтаж XXI» ЖШС, «Корпорация Қазығұрт» ЖШС, «Аршан Строй» ЖШС, «Тұран» құрылыс компаниясы» ЖШС және «Юг-Арлан» ЖШС-нің өтінімдері конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келе тұра конкурстан негізсіз шеттетілген. Нәтижесінде департамент тарапынан Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда хабарлама тиісті түрде орындалыпты.

Сондай-ақ, департамент тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне сәйкес Ордабасы аудандық құрылыс бөлімімен ұйымдастырылған «Қорытынды алу» ашық конкурсының заңдылығына камералдық бақылау жүргізілген.

3 лоттан тұратын конкурсқа жалпы сомасы 5 580 892 теңге қаралған. Камералдық бақылау нәтижесінде 3 лот бойынша  әлеуетті өнім берушілер "ЮКПроектЭкспертиза" ЖШС, "Стандарт ОРД" ЖШС, "ARCHITECTSЭКСПЕРТИЗА.KZ" ЖШС,  "Норматив Плюс" ЖШС, "Оңтүстік Сараптама" ЖШС өтінімдері конкурсқа қатысудан негізсіз шеттетіліп, нәтижесінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 27-бабы 6-тармағының және Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 150 тармағының талаптары сақталмаған.

Камералдық бақылаумен жоғарыда аталған әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімі конкурстық құжаттама талаптарына толығымен сәйкес келетіндігі анықталған. Нәтижесінде департамент тарапынан, ұйымдастырушыға анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жолданған.

Құжаттары сәйкес келетін компанияны конкурсқа жібермеудің арғы жағында нендей мүдденің жатқаны айтпаса түсінікті ғой. 

"Рейтинг" газеті

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент екі Заңға қол қойды
  • Созақта шенеуніктер сәбіздің келісін 16 мың теңгеден сатып алуды жоспарлаған
  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер