Арзаншылық па, көзбояушылық па?

5bbef0921b5d91fad5edc476dafc520e.jpg

Президенттің берген тапсырмасынан кейін Үкімет тарифті арзандатуға қол жеткізді. 

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтің төмендеу деңгейі 3,3 пайыздан 17,5 пайыз аралығында болмақ. Алматыда газ бағасы 12 пайызға (29,8-ден 26,2 теңге/м3), Шымкент қаласы мен Түркістан облысында — 6 пайызға (30,7-ден 28,9 теңге/м3), Жамбыл облысында — 6 пайызға (24,3-тен 22,8 теңге/м3). Нәтижесінде газбен жабдықтау қызметтеріне халық қаражатының шамамен 5 миллиард теңгесі үнемделмек.

Ұлттық экономика вице-министрі С. Жұманғариннің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Шымкент қаласында орташа есеппен коммуналдық қызметтер төлемі 13 788 теңгені құрайды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа жалпы төлем 12 447 теңгені құрайды немесе 1 340 теңгеге төмендейді. 

Шымкентте коммуналдық қызметтердің ішінде ең қымбаты газ болатын. Ол шамамен 2-3 теңгенің шамасында арзандамақ. Бұл тұтынушы үшін әсіресе,  үйді автономды пешпен жылытатындар үшін көзге көрінерліктей, сезінерліктей жеңілдік емес.

Сонда президентің тапсырмасын орындау жай ғана көзбояушылық болғаны ма?   


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді
  • Қазақстанның бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер