Ғалымжан Елшібай - тұңғыш төраға!

Көрлімі: 109

Screenshot_1.jpg

Бүгін облыс орталығы - Түркістан қаласында аймақ журналистерінің қатысуымен ҚР Журналистер Одағының облыстық филиалы құрылды. Филиал төрағасы болып бірауыздан "Егемен Қазақстан" газетінің өңірдегі меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібай сайланды. 

Ғалымжан Елшібай 1975 жылы Төлеби ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. Ғалымжан Қамытбекұлы бұрынғы Киров, қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдады.  

Еңбек жолын Төлеби аудандық газетінде корректорлықтан бастады. Кейіннен ұзақ жылдар бойы "Жас Алаш" газетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды. Бүгінгі таңда республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі.

Ғалымжан Елшібай өз ортасында көшбасшылық қасиетімен көзге түскен азамат. Ол түстікте меншікті тілшілер клубын құруға ұйытқы болып, бірауыздан клуб жетекшісі болып сайланды. Сонымен қатар, кәсіби журналистердің басын біріктірген "Медиакратия" қоғамдық бірлестігі төрағасы.    

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Ғалымжан Елшібай - тұңғыш төраға!