"БТА Банк" директорлар кеңесінің төрағасынан $1 млн АҚШ бопсалағандар ұсталды

Screenshot_1.jpg

Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкері мен тағы екі азаматты қылмыс үстінде ұстаған. Бұл туралы құзырлы органның ресми сайты.

Д.Ысқақов және уақытша жұмыссыз Д.Әлпиев пен Э.Сүлеймановты қылмыс үстінде 2019 жылдың 19-шы қаңтар күні ұсталған. Көрсетілген адамдар "БТА Банк" АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасынан 1 млн АҚШ долларын Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша мәселені шешу үшін алаяқтық жолмен бопсалаған.

Бұл ретте, Д.Ысқақов осы қылмыстық іс бойынша Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының құрамына кірмеген. Д.Ысқақов, Д.Әлпиев және Э.Сүлеймановтарға қатысты Алматы қаласының Мамандандырылған тергеу соты "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасын  тағайындады.

Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент екі Заңға қол қойды
  • Созақта шенеуніктер сәбіздің келісін 16 мың теңгеден сатып алуды жоспарлаған
  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер