Сағынтаевқа тықыр таянды ма?

Screenshot_4.jpg

Өткен аптада мемлекет басшысының Үкімет отырысында министрлерге қарата айтқан «қорқақсыңдар» деген сөзін әркім әрқилы түсіндіріп жатыр. Бір нәрсе анық, бұл сөз Үкіметтің отставкасын білдірмейді.

Осы жиында Президенттің алдында Үкіметтің атқарған жұмысы туралы баяндаманы премьер Бақытжан Сағынтаев емес, оның орынбасары Ерболат Досаев жасады. Мұны енді сан саққа жоруға болады. 

Жиында Сағынтаевтың өзі көп сөйлемеген. Отырыста Назарбаев қазақстандық банктердің жұмысына қаттырақ сын айтқаны белгілі.  

-Банк жұмыс істеп тұрғанда акционерлер ақшаны шығармауы керек, ұрламауы керек. Бұл не сұмдық? Тапа-тал түсте алып кетеді. Біз не қарап отырмыз? Мүлдем дәрменсіз екенбіз. Экономиканы банкрот болудан тазартып алмай, дамымаймыз. Үкімет те, банктер де сүріне береді.  Сендер Үкімет емес, министр емес, қорқақсыңдар! Онда не үшін жұмыс істеп жатырсыңдар? Банктердің бәрін тазартыңдар, - деді Назарбаев. 

Естеріңізде болса, Қазақстанда былтыр банкротқа ұшырап, салымшыларын сан соқтырған банктердің бірі «Qazaq bank» еді. Бұл банктің иелерінің бірі Бақыт Ибрагим Бақытжан Сағынтаевтың күйеу баласы болған... Сонда Назарбаев мұны әдейі айтып отырды ма? 

Бақытжан Сағынтаев - Социалистік Еңбек Ері және СССР Жоғарғы кеңесінің депутаты Әбдір Сағынтаевтың ұлы. Ресми өмірбаянына қарағанда, шенеунік болғанға дейін ол  Алматыда жоғары оқу орындарында сабақ берген, кәсіпкерлікпен айналысқан.

Бақытжан Сағынтаевтың мемлекеттік қызметтегі карьерасы табысты болды, бір лауазымда ұзақ отырмады. 1998 жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған ол бір жылдан соң Астанада басшылық қызмет атқарды. Сағынтаев 2004 жылы табиғи монополияларды реттеу агенттігін басқарып, 2007 жылы премьер-министр кеңсесінің жетекшісі болды.

Кейбір сарапшылар Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы Мәжіліс депутаты, марқұм Қаратай Тұрысовтың күйеу баласы екендігін алға тартып, оның карьерасына қайын атасының ықпал еткен болуы әбден мүмкін дейді. Сағынтаевтың өзі экс-күйеу баласы Бақыт Ибрагимнің карьерасына, оның істеген әрекеттеріне қаншалықты ықпал етті? Бұл сауалға әзірге жауап жоқ.

Сонымен Сағынтаевқа тықыр таянды ма?  Жо-жоқ сарапшылар оны  бәрібір Президент сайлауы өткенге дейін қызмет ауыстырмайтынын алға тартып отыр. 

"Рейтинг" газеті


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент екі Заңға қол қойды
  • Созақта шенеуніктер сәбіздің келісін 16 мың теңгеден сатып алуды жоспарлаған
  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер