Қазақстанда бірнеше министрліктің сайты жұмысын тоқтатады

Көрлімі: 126

Screenshot_6.jpg

ҚР Үкіметі отставкаға кетті. Отставкамен бірге бірнеше министрліктің сайты уақытша істемейтін болды. 

Бүгін кештен бастап бірқатар мемлекеттік органдардың ресми сайты қолжетімсіз болады. 

«2019 жылғы 23 ақпан сағат 21:00-ден бастап 24 ақпан сағат 13:00-ге дейін мемлекеттік органдардың серверлік орталығында орналасқан телекоммуникациялық жабдықтарда жоспардан тыс жұмыс жүргізіледі», - деп жазылған «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Фейсбук парақшасында. 

Осыған байланысты, келесі интернет ресурстар қолжетімсіз болады: 

- «Электрондық үкімет» порталы; 

- «Мобильді үкімет» қосымшасы; 

- «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры; 

- «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі»; 

- «Монополист» базасы сервистік бағдарламалық өнімі; 

- Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайты; 

- Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты; 

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты; 

- Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты; 

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сайты; - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты; 

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты; 

- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайты; 

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайты.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Қазақстанда бірнеше министрліктің сайты жұмысын тоқтатады