Н.Назарбаев: Балалардың болашағын ойласақ, үштілділікті біртіндеп енгізуіміз керек

1545212924_news_b.jpeg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елде жүргізіліп жатқан үштілдідік саясатының енуіне көңілі толмайтынын жеткізді. Президенттің айтуынша, ұстаздарға үш айда ағылшын тілін меңгеру қиынға соғатынын айтты.

"Үштілділік саясатын біртіндеп енгізуіміз керек. Балалардың болашағын ойлауымыз керек. Әр азамат өзінің ана тілі – қазақ тілін, сосын орыс тілін, әлемнің тілі –ағылшын тілін білу керек. Бірақ ол жұмыс бірден атқарылмайды ғой? Ертең бар да тілді меңгеріп ал деген жоқ қой? Алдымен падагогтарға ағылшын тілін үйретуіміз керек. 

Физика, химиядан сабақ беретін ұстаздар қалай аз уақытта ағылшынды меңгеріп алады? Ал біздің министрлік аз уақытта үйреніп ал, сосын ағылшынша сабақ бер деген талап қойған. Ал оқытты дейік, сондай үш айлық курста математика мұғалімі ағылшынды үйреніп алады деп ойлайсыздар ма? Осыған кеткен қыруар қаражатты айтсаңыздаршы?", - деді президент.

Нұрсұлтан Назарбаев үш тілділік саясатына біртіндеп көшу қажеттігін айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент екі Заңға қол қойды
  • Созақта шенеуніктер сәбіздің келісін 16 мың теңгеден сатып алуды жоспарлаған
  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер