«Мұрагер» операциясы басталды ма?

тажикистан.jpg


«Мұрагер» операциясы басталды ма?

Тәжікстан билігі 2020 жылға белгіленген президент сайлауында «президент Эмомали Рахмонның ұлын қолдайсың!» деп қысым жасады. Тәжікстанда тыйым салынған «24 тобы» оппозициялық қозғалысының мүшесі, белгілі тәжік оппозиционері Шарофиддин Гадоев Амстердамда «Азаттық» тілшісіне берген сұхбатында осындай мәлімдеме жасады.

Ол ақпан айында Ресейде ұсталып, Тәжікстанға депортацияланған. Құқық қорғаушылардың араласуынан кейін Гадоев Еуропаға кетті. Бұған дейін Нидерланды оған босқын мәртебесін берген болатын.

– Олар мені Тәжікстанға келіп, кейінірек президент Рахмон мен оның ұлы Рустам Эмомалидің саясатын қолдаған «24 тобының» 17 мүшесіне жетекші еткісі келді, – дейді Ш.Гадоев. Оның айтуынша, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимовтан «Рустам Эмомали 2020 жылғы сайлауға қатысады және сіз оны қолдайсыз» деген талап қойылған. 

Рустам Эмомали қазіргі уақытта Душанбенің мэрі қызметін атқарады. Ал Эмомали Рахмон соңғы рет президент сайлауына 2013 жылы қатысып, 83 пайыз дауыспен жеңіске жеткен еді. Тәжікстанда президент жеті жылға сайланады. Келесі президент сайлауы келер жылға белгіленген. Биыл жасы 67-ге келетін үлкен Эмомали бұл додада бақ сынай ма әлде мұрагеріне жол бере ме, бұл жағы әлі белгісіз.  

"Рейтинг" газеті 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент екі Заңға қол қойды
  • Созақта шенеуніктер сәбіздің келісін 16 мың теңгеден сатып алуды жоспарлаған
  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер