Білім министрі жаңа әліпбиді қолдады

21

Қазақ тілінің әліпбиін дайындауда бірнеше нұсқа қарастырылған, бірақ 25 әріптен тұратын әліпби таңдалды, енді ол қоғамның талқылауына ұсынылады, деп хабарлады Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

«Анық-қанығына дейін талқылауға уақыт бар. Сарапшылар бірнеше нұсқаны қарастырып, осыны таңдады. Маған 25 әріпті нұсқа ұнайды. Енді азаматтар өз пікірін айтсын. Нақты ұсыныстар болса, айтылуы тиіс. Сол үшін әліпби қоғамның талқылауына берілді», — дейді Сағадиев.

Айта кетелік, дүйсенбі күні мәжілісте қазақ тіліне арналған латын әліпбиің бірыңғай стандартын енгізу мәселесіне арналған парламенттік тыңдау өтті.

«Қазақ тілінің ұсынылған жаңа әліпбиі 25 әріптен тұрады«, — деп хабарлады Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов.

Қазақ тілінің кей дыбыстары екі әріптің қосындысы –диграфтармен берілетін болады. Тілешовтың айтуынша, ұсынылған әліпби қазақ тілінің бүкіл дыбыстарын таңбаға түсіре алады.

2 ПІКІРЛЕР

  1. Кому все это надо? Что больше нет никаких проблем у нас в стране? На эти деньги проведите питевую воду в дальние аулы и проведите туда нормальные дороги.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here