Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің КСРО ыдырағаннан кейін оған Қазақстан аумағында Кеңестік ядролық қаруды сақтағаны үшін 20 миллиард доллар ұсынғанын айып берді. Бұл туралы Назарбаев америкалық режиссер Оливер Стоунға "Қазақ: Алтын адамның тарихы" фильміне берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, 90-жылдардың басында Палестина ұлттық әкімшілігінің төрағасы Ясир Арафат Қазақстанға сапармен келген, оның мақсаты Каддафидің тапсырмасы бойынша елдегі ядролық қаруға қатысты жағдайды білу еді. Назарбаев сол кезде ядролық зымырандарды біреуге немесе олар үшін ақша алу ойында да болмағанын айтады. Дегенмен, ол Арафатқа олар тым қымбат екенін айтқан.
Сондай-ақ ол ел аумағында ядролық қаруды ұстау үшін Қазақстанға 20 миллиард доллар қажет болатынын айтып өтті. Сол кезде Палестина ұлттық әкімшілігінің төрағасы бұл жауапқа салмақты түрде өз ойын білдіріп, Қазақстанға қажетті сома берілетінін сенімді түрде айтқан.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан әлемдегі көлемі бойынша ең үлкен төртінші ядролық арсеналға ие болды. Сондай-ақ Назарбаев сол жылдары Ұлыбританияның сол кездегі премьер-Министрі Маргарет Тэтчер мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкер келіп, елдің ядролық қаруға қатысты жоспарлары туралы сұраған екен.
Бұған дейін Назарбаев ядролық қарусыздану жөніндегі Ресей, АҚШ, Қытай және Еуропалық Одақтың (ЕО) қатысуымен саммит өткізуді ұсынған болатын. Айтуынша, саммиттің басты тақырыптарының бірі ядролық қаруды кезең-кезеңімен қысқарту туралы көпжақты келісім жасау болуы тиіс. Қазақстан бұл кездесуге өз кезегінде алаң ұсынуға дайын екенін жеткізді елбасы.
Дереккөз: Stan.kz