Шымкентте 24 жастағы жігітті өлтіріп, терісін сылып тастаған

Шымкентте 24 жастағы жігітті өлтіріп, терісін сылып тастаған. Осылай деген марқұмның ет жақындары, азапты өлімге күдіктілер түгел ұсталмай отырған айтады. Тіпті бұл істі бұрмалап, жаппақшы болғандардың арасында құзырлылар да барына сенімді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

image.png

Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғыны енді ел Президентінен көмек сұраған Ғалия Жаңабаеваның айтуынша, ұлы түнгі оннан аса көлік жөндеу орынына барамын деп шығып кетіпті. Көлігін жөдеуге қалдырған, бірақ қайтадын оралмаған. Екі тәуліктен соң, денесі Түлкібас ауданындағы егістіктен табылған. Қаралы отбасы мәйіттің азаптап өлтірілгенін жаназа кезінде бір ақ білдік дейді. Шұғыл жерлеуді тоқтатып, сараптамаға жіберіпті.

- Бұны мәшине жуатын пистолетпен жуған, қанын жуған. Ыстық сумен жуған. Денесінің бәрі күлдіреп кеткен. Ойылып кеткен, не деген масқара мынау...Мына жерін көріңізші, жұлып алған ғой, жұлып алған прям терісін. Хайуандар... Бұл жерде мойка мен сіздерге анығын айтайын, мойка –прокурордікі деп есіттік. Значить бұл жерде прокурор күдікті боп тұр. Сол кісінің айтуыменен Түлкібас ауданына апарғаны сол кісінің айтуымен болып тұр. Мен солай күдіктеніп тұрмын қазір. +делоны бұрмалап жаппақшы болған. Өзі өлді есебінде жаппақшы болған - деді марқұмның туысы Нұрлан Абанов.

Куәгерлердің айтуынша Айбекті көлік жуатын орындағы екі жігіт өлтірген. Олар қазір қамауда. Тек күдіктілер түгел қамалмады дейді марқұмның ағасы. Ал мәйітханадағылар Айбекті «өз қанына өзі тұншығып өлген. Еш жері сынбаған» деген ауызша қорытындымен шектелген. Бұл да күмәнді дейді марқұмның ет жақындары.

- Сол Түлкібас ауданында прокурор боп істеген екен. Бір жыл бопты осы Шымкент қаласына ауысқан екен. Беркінбаев деген жаңағы Бағдәулет деген қандықол қарақшының нағашы ағасы. Бұл бала оған жиен бала болады. Содан өлтіріп оған ақыл кеңес беріп отырған. Сөйтіп оны Түлкібас ауданына апарып, мақсарының арасына тастаған - деді марқұмның анасы Ғалия Жаңабаева. 

Айбекті соңғы көрген адам - көлік жөндеуші. Түнгі 11-ге таяу келгенненен түнгі үшке дейін қасында болыпты. Оның сол жерде көлік жуатын жігітпен қалғанын айтады.

- Алып кетіп жатқан едім оны үйге апарып тастауға. Бағдәулет көрді де, "қалмайсың ба" деді. Ішеміз.. деді. Болды. Соны көрді де қалып қойды да қайтатын еді. "Болды. Өзім барамын" , - деді. Дальше үйге кеттім мен. Азанда уже келіншегі звондап жатыр, келген жоқ, қайда деп. Сосын іздей бастадық. Қылмыстың осы жерде болғанын айғақтайтын жазба - бұл. Мұнда екі жігіттің арасындағы кикілжің анық көрінеді. Айбектің құлағанына қарамай бірі басынан тепкілеп жатыр - деді көлік жөндеуші, Хикматулла Құлахметов.

- Үш жігіттің арасындағы ерегіс көлік жуу орнының осы артқы жағында орын алған. Бұл шамамен таңғы сағат төрт жарымдардың шамасы. Мұның барлығы мынау бағанадағы бейне бақылау камерасына жазылып қалыпты. Бірақ туыстарының айтуынша, неге екені белгісіз мұнан өзге бейне жазба сақталмаған.

Марқұмның туыстары істің әу бастан бұрмаланғанына сенімді. Сондықтан Мемлекет басшысының өзінен көмек сұрап отыр. Полиция бұл істің қазір Сайрам ауданында қаралып жатқанын хабарлады - деді тілші Айзада Төребекқызы.

- Сайрам ауданындық сотымен күтікті екеу қамауға алынып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр - деді Түркістан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Айта кетейін, 24 жастағы Айбек Бекасылдың артында әйелі мен ұлынан бөлек екі жасар қызы мен ата-анасы аңырап қалды. Марқұм отбасының бетіне қараған жалғыз ұлы. Қаралы отбасы кінәлілердің әділ жазалануын сұрайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер