«Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот»

Жаңа басқару жүйесіне көшу жұмыстары — қарқынды. Бүгінгі таңға дейін Абай ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен  көпқабатты үйлерде мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) және  жай серіктестік (ЖС) құрудың тиімділігін түсіндіру бойынша тұрғындармен  290 жиналыс ұйымдастырылды. 

image.png

Соның нәтижесінде, 218 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жасалып, ол жалпы тұрғын үй санына шаққанда 48,1 % пайызды құрап отыр. Оның ішінде, 164 көпқабатты тұрғын үйде жай серіктестік, 54-інде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, барлығы да қалалық әділет департаментінде тіркелді. Сонымен бірге өткен аптада 27 жиналыс өткізіліп, ол бойынша хаттамалар түзілуде. Көпқабатты үйлерді басқарудың жаңа нысанына көшіру жұмыстары әлі де жалғасын таппақ.

Осы күнге дейін Әл-Фараби ауданы әкімшілігінің тарапынан  көпқабатты үйлерде МИБ және ЖС құру жөнінен тұрғындармен 397 жиналыс ұйымдастырылды. Соның арқасында 52 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінің тіркеуіне алынды. Сондай-ақ, 142 тұрғын үйде жай серіктестік пайда болды. Қосымша мүлік иелерінің бірлестігін құру бойынша 38 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жинақталуда. Бұдан бөлек, 31 көпқабатты тұрғын үйді кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша қажетті құжаттар (хаттамалар) тұрғындарға келісуге беріліп, түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 

Еңбекші ауданы аумағында көппәтерлі тұрғын үйлердегі кондоминиум нысандарының басқару жүйесін таңдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Осыған байланысты арнайы жол картасы бекітіліп, кестеге сәйкес түсіндіру жұмыстары қолға алынған. Осының нәтижесінде қазіргі уақытта ауданда 630 көпқабатты тұрғын үйдің 6-уының мүліктің меншік иелері бірлестігі, 187 -нің жай серіктестік түріндегі келісімі және 28 бас тарту хаттамалары жинақталды. Сонымен қатар, жаңа басқару жүйесінің артықшылығын түсіндіру бойынша 355 үйдің тұрғындарымен жиналыстар өткізілді. Бұдан бөлек 9-14 қыркүйек аралығында Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан 10 көпқабатты тұрғын үйге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қол жинау үшін пәтер иелеріне хаттамалар таратылды.

Өз кезегінде Қаратау ауданында МИБ және ЖС құрылымдарын түсіндіру бойынша тұрғындармен 57 кездесу, 12 онлайн жиналыс ұйымдастырылды. Бүгінге дейін аудан бойынша 9 МИБ және 209 ЖС  құрылған. Сонымен қатар, түсіндірме жұмыстары нәтижесінде қалған көпқабатты үйлерден хаттамалар жиналуда. Аудан аумағындағы Асар, Тұран, Нұрсәт шағынаудандары және Шымкентсити тұрғын алабына қарасты көп қабатты үйлердің тұрғындарымен де жиналыстар өткізілді. 

Әнуар ЖҰМАШБАЕВ

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер