ОҚО-да әрбір төртінші мекеме заңбұзушылыққа жол берген

Оңтүстік Қазақстан облысында әрбір төртінші мемлекеттік мекеме түрлі заңбұзушылықтарға жол берген. Бұл туралы өңірде жүргізілген аудиторлық тексерудің қортындысында мәлім болды.

Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшылығының мәліметтеріне қарағанда, мекемелер негізінен қаржылық және құжаттарды рәсімдеу бағытында кемшіліктер жіберіп, 35 млрд теңгеге шығын келтірген. Десе де аудиторлар нақты қай мекемелерде кемшіліктер анықталғаны жөнінде ашып айтпады. Белгілісі, жыл басынан бергі жүргізілген 223 мекемеде тексерудің 179-ында заңбұзушылықтар анықталған. Енді шенеуніктерден 1 млрд 200 миллион теңгенің қалай шығындалғаны жөнінде жауап алынатын болды. «34 млрд теңге — бұл негізінен бюджеттік қызметкерлер тарапынан жіберілетін рәсімдік кемшіліктер болып саналады. Бюджеттік заңнаманы бұзу бойынша 26 млрд және мемлекеттік сатып алу бойынша 7 млрд теңгенің заңбұзушылықтары анықталды»,- деді облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкері Дамира Мамбекова. Осы заңбұзушылықтар бойынша 35 мемлекеттік қызметкерге 7 млн 600 мың теңге айыппұл салынған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Головкин Өзбекстан президентімен кездескенін сүйіншілете хабарлады (фото)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер