Еліміз егемендігін алғалы 3 рет халық санағы өткізгелі отыр. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазанда №1049 ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында халық санағы « Қазақстанда әр кім маңызды» деген ұранмен жүргізіледі.
Аудан әкімінің Өкімі № 224 09 наурыз 2021 жылы халықтың Ұлттық санағының жәрдемдесу жөніндегі аудандық комиссия құрылған. Ауыл округ әкімдері жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен мемелекеттік мекемелердің басшылары (келісім бойынша) 2021 жылы Ордабасы ауданы халықтың Ұлттық санағына дайындық жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсетсін делінген.
Халық санағы 2021ж. I-кезеңі 1-30 маусым аралығында әрбір елді мекендердегі тұрғын және тұрғын емес үйлер санымен тұрып жатқан халықтың санын нақтылау жұмыстары жүргізілді.
Ауданға ІІ кезеңдегі санақты өткізу үшін 8 уәкіл, 21 нұсқаушы, 144 интервьюер жұмысқа тартылады, қазіргі уақытта жұмысқа қабылдау жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 8 уәкіл, 18 нұсқаушы, 139 интервьюерлердің құжаттары жинақталып жұмысқа қабылданды. 3 нұсқаушы-бақылаушы 5 интервьюер қажет.
ІІ-кезеңде халық 1 қыркүйек – 15 қазан аралығында www.sanaq.gov.kz онлайн режимде санақтан әр бір азамат өтсе болады немесе 1-30 қазан аралығында әр бір үй шаруашылығына интервьюер барып сұхбат алады.
Ұлттық санақ 2021 – науқанына ауданымызда халық көптен шоғырланатын жерлерге базарға, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына, дүкендерге Ұлттық халық санағын ақпараттық қолдау бойынша, халық санағын насихаттайтын парақшалар елді мекендерге ілінді. Бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып, әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram) парақшаларында халық санағын насихаттау мақсатында түсірілген роликтер мен суреттер жариялануда.
Халық санағын насихаттау бойынша 10 ауыл округінде 12 билбордт орналастырылды.
Аудандағы 57 елді мекенді картаменен аудандастыру жұмыстары толық аяқталып, 21 нұсқаушы-бақылаушы учаскелерге, 144 интервьюердің аралайтын көшелерінің бөлу жұмыстары әрбір елді мекеннің картасымен реттеліп санақ учаскілеріне бөлініп дайын тұр. Жұмысты 1 қазанда бастаймыз.
Жалпы аудан тұрғындары 1 қыркүйектен бастап ІІ-кезеңінің онлайн режимінде санаққа тіркеліп аудандағы білім саласы, денсаулық сақтау саласы, мемлекеттік қызметкерлер, ауданға бағынысты мемлекеттік мекемелер, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық мекемелер ,ірі кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер өздерінің азаматтық борыштарын өтеп ұлттық халық санағына тіркелуде.
Аудандағы халық саны 1қыркүйекке 122276 болса, осының 34244 адам онлайн санаққа тіркеліп 28% құрап отыр. Онлайн санақ 15 қазанға дейін жалғасын табады.
Ордабасы ауданының тұрғындары сіздерді онлайн санақтан :
-Sanaq.gov.kz сайтында;
-egov.kz электронды үкімет порталында;
-aitu қосымшасы арқылы өтуге шақырамыз. Онлайн санақтың маңыздылығы сол бұл іс шара елдегі эпидемиологиялық ахуалдың алдын алудағы маңызы зор.
М.А.Шамшидинова,
Ордабасы аудандық статистика басқармасының басшысы