М.Әузеов атындағы ОҚМУ ректоры тағайындалды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов пен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне жаңадан тағайындалған Дария Қожамжаровамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Елбасы міндеттеген жоғары білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жайын және студенттерді жатақханамен қамту мәселесін қозғады.

Осы ретте, аймақ басшысы Елбасы Жолдауындағы жетінші міндетінде білім берудің жаңа сапасына тоқталғанын айтып, осы бағытта өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Сонымен бірге әкім университет ректорына жауапты қызметіндегі жұмысына сәттілік тілеп, бүгінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ Қазақстандағы ең үздік деген 20 жоғарғы оқу орындарының ішінде үштікте екенін атап өтті.

Айта кетейік, Дария Пернешқызы ЖОО ректорларын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның шешімімен тағайындалды.

Қожамжарова Дария - Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. Ол 1962 жылы 22 шілдеде Жамбыл қаласында көпбалалы, қызметкер отбасында дүниеге келген.

1984 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша үздік тәмамдап, еңбек жолын 1984-1989 ж.ж. Жамбыл педагогикалық институтында оқытушы  қызметінен  бастады.  Ал 1990-1995 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспиранты, 1995-2001 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Тарих» кафедрасының доценті, 2001-2003ж.ж. кафедра меңгерушісі, 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті педагогика факультетінің деканы қызметтерін атқарған. Ал 2013 жылдан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры болған.


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Санжар Тәшкенбай Астанадағы әлем кубогының финалына жолдама алды
  • Жаңа заң: ҚМДБ бетті толық жабуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер