Түркіменбашы Бердымухамедов «комада жатыр» деген қауесет тарады

Түркіменстанның Ресейдегі елшілігі түркімен президенті Гурбангулы Бердымухамедовтің денсаулығы нашарлап кеткені туралы ақпаратты теріске шығарды. Бұл жөнінде Ресейдің РБК басылымы хабарлады.

image.png

- Түркіменстан президентінің денсаулығы нашарлап кеткені туралы бірқатар БАҚ таратқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді - деп мәлімдеді түркімен елшілігі.

Бердымухамедовтің комаға түскені туралы ақпарат 21 қыркүйекте бірқатар ресейлік Telegram-каналдарында пайда болған.

20 қыркүйекте Түркіменстанның мемлекеттік арналары Бердымухамедов видеобайланыс арқылы қатысқан үкімет отырысы жайында хабар таратқан.

Түркіменстан президентінің денсаулығы нашарлап кеткені туралы алып-қашпа әңгімелер осыған дейін де пайда болған. Оған президенттің көп уақыт көпшілік алдына шықпай қалғаны себеп болған.

Қазір Түркіменстан тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына дайындалып жатыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер