«Бұл тозақ. Қазақстан атынан өнер көрсеткенімізге өкінемін»: Элизабет Тұрсынбаеваның анасы

Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваның анасы Падишахан Сұлтаналиева қызының Қазақстан атынан өнер көрсету туралы шешіміне өкінетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Match TV телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Screenshot_2.jpg

Жақында 21 жастағы Тұрсынбаева өз мансабын аяқтағанын жариялады. Оған спортты жалғастыруға жарақаты кедергі келтіреді.

Элизаветаның анасы Падишахан Сұлтаналиева ата-бабалары үшін Қазақстан атынан өнер көрсетуге шешім қабылдағанын айтады.

“Тіпті күйеуім екеумізге бұл бала үшін негізгі старттарға апаратын жолды тездететін сияқты көрінді. Бірақ мен бұл шешіміме қатты өкінемін! Біз мәнерлеп сырғанау спорты жоқ ел үшін өнер көрсету қиындықтарға жетелейтінін алдын ала болжай алмадық. Егер сіз ұсынатын ел әлемдік аренада мәнерлеп сырғанау ортасы ретінде бағаланбаса... бұл тозақ. Олардың судьялары да, техникалық бақылаушылар да жоқ, сахна артында ешқандай қолдау жоқ. Ғасырлар бойы көшбасшылық үшін күресіп келе жатқан державаларда жеңіске жетуге барлық жағдай жасалған. Олар өз спортшыларын қорғап, төрешілермен жұмыс жасайды. Үлкен спорт үлкен саясатпен тең. Мен мұны процесте, тым кеш болғанда ғана түсіндім. Егер немерелерім мәнерлеп сырғанаушы болғысы келсе, мен оларға тек Ресей атынан өнер көрсетуді кеңес беремін. Өзімнің қателігімді ескеремін, Қазақстанда жағдай өзгермесе дәл осындай шешім қабылдаймын. Бірақ бұл тек менің пікірім екенін атап өткім келеді”, – деді ол.

Падишахан Сұлтаналиева спортта бәсекелестік болғаны дұрыс деп есептейді.

“Бұл керек нәрсе. Бәсекелестік жоқ болса, спорт ретінде мәнерлеп сырғанау жоқ. Элизаның әлем чемпионатындағы жетістігі Этери Георгиевна тобындағы атмосфераның көмегімен болды. Бұрын, қызым 9-11-ші орындарды иеленетін. Ресей құрамасында қалуымыз керек деп ойлаймын. Әрине, қиындықтар бар, бірақ біз тезірек жетістікке жетер едік”, – деді спортшының анасы.

Ол қателігі үшін Элизадан кешірім сұраған.

“Ол жасөспірім еді және үнсіз келісті. Қызымның олимпиада медалін жеңіп алмағаны – менің кінәм. Бүгін мен өз қателігімді мойындасам, өмір сүру оңайырақ болады. Қалай болғанда да, біз қызымыздың қойылымдарын ұзақ жылдар бойы қаржыландырған Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне, ол туралы фильм түсіргені үшін Нұрсұлтан Назарбаев қорына ризамыз”, – деді Падишахан Сұлтаналиева.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер