Атышулы «завуч» Ұлжан Елмұратова тағы да дауға ілікті (видео)

Бір кездері аузынан былапыт сөздерді боратып, қоғамның назарын өзіне бұрған Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы Айтбай Шерімқұлов атындағы мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болып жұмыс істеген Ұлжан Елмұратова тағы да дауға ілікті. Бұл туралы facebook қолданушысы Төребек Сейдуалиев жазды. 

Ұлжан мұғалім.png

- Мұғалімдік этиканы білмейтін Ұлжан, тіпті жол ережесін де білмейді екен немесе білсе де ережеге бағынбайды. Инстаграм желісінде тікелей эфирде үнемі көлік жүргізіп отырады. Тікелей эфирде!!! қауіпсіздік белбеуін де тақпайды екен. "Түркістан, Сарағаш, Шымкент, Алматы  ременсіз журміз ал не істейсің"  - дейді Ұлжан. Бадам ауылының светафорлары ол үшін жоқ секілді, қызыл түске тоқтамай ақ өтіп кете береді. Бұл бассыздықты  полиция қызметкерлері елемей көз жұмғаны қалай? Құдды бір сол ішкі істер қызметкерлерімен бірге жұмыс жасайтын, әрі шенді бір "кришасы" бар секілді - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бүгін Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Ұлжан Елмұратованы моральға қайшы іс-әрекеттері үшін қызметінен босатылатынын хабарлаған болатын. Сонымен қатар мектеп директоры да зерделеу жұмыстарының нәтижесінде "директор" лауазымынан айрылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер