ҚХА төрағасының орынбасары М.Әзілханов Шымкент қалалық ассамблея мүшелерімен кездесті

Бүгін ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкентте қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен және ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілерімен кездесті. 

image.png

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында берілген тапсырмаларды сапалы жүзеге асыру барысы талқыланған жиында қалалық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары, қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак, қалалық өзбек этномәдени бірлестігі жастар қанатының мүшесі Хурматой Абдухамидова сөз сөйлеп, ұсыныс-пікірлерін айтты.

Биыл ҚХА қызмет бағыты бойынша Шымкентте 186 іс-шара ұйымдастырылып, Қоғамдық келісім кеңестерімен 19 мәселе қаралды. Аналар кеңестерінің бастамасымен 5 жоба іске асты. Ассамблеяның медиативтік алаңдарында 53 даулы мәселе оң  шешілді. 

Ассамблея жанындағы ақпараттық түсіндіру тобы этнос өкілдері көптеп шоғырланған 23 шағын аудан мен тұрғын алапта 

138 мақсатты кездесу өткізді.

Кездесуде ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов: «Кез келген мемлекет үшін қоғамдық келісімнің маңыздылығы ерекше. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы ішінде Қазақстандықтардың бірлігі мен тұтастығының арқасында бүгінгі жетістіктерге қол жеткіздік. Татулығымызбен Тәуелсіздік табыстарын одан әрі еселей түсуге, елімізде баршаға қолайлы орта қалыптастыруға Ассамблея мүшелері алдағы уақытта да жұмыла жұмыс жүргізеді деп сенім білдіремін» – деді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
  • Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
  • Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
  • Ақтауда тегін балмаұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер