Шымкентте 8 көшеге оң жақ өткел салынуда

Шымкент қаласында көлік кептелісін болдырмау мақсатында көшелердің қиылысына оң жақ өткелін салу жұмысы қарқын алған. Қалада оң жақ өткелдердің жалпы қажеттілігі – 45 орын болса, биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында 8 көшедегі 10 орынға оң жақ өткел салынуда.

Айта кетсек, жыл басында биыл 11 орынға оң жақ өткел салу жоспарланған болатын. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жобаға өзгеріс енгізіліп, салынатын өткел саны 10 болып бекітілді.

Атап айтқанда, Сыпырған ата – Әль-Фараби, Сыпырған ата –Темірлан тас жолының қиылысы, Рысқұлов–Адырбеков, Арғынбеков–Өтегенов, Рысқұлов–Шаяхметов, Рысқұлов –Қазиев, Шаяхметов–Арғынбеков және Арғынбеков–Байтереков көшелерінің қиылысында құрылысты 3 мердігер мекеме жұмыс жүргізіп отыр. 

Аталған көшелерде жұмыс аяқталған соң 60 жол белгісі орнатылады. Оң жақ өткелін салу жұмысы осы жылдың сәуір айында басталған. Құрылыстың аяқталуы қазан айының соңына жоспарланған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер