Ковидке қарсы вакцина салдырған қала тұрғындарына білезік сыйлады

"Мен қауіпсіз жағдайдамын". Ковидке қарсы вакцина салдырған қала тұрғындарына жас еріктілер осындай жазумен білезік сыйға тартты. Мұндай ерекше іс-шара бір мезетте қаладағы үш емханада  өтті.

image.png

Қала деңгейінде өткен іс-шара барысында еріктілер 200 азаматқа осындай  білезік таратып берді. Ұйымдастырушылар осылайша екпе алған тұрғындардың қоғамға қауіпсіз екенін көпшілікке түсіндіргісі келді. 

- «Вакцина салдырған соң 7 күннен кейін иммунитет пайда болады. Ауру жұқтырғанның өзінде вакцина салдырған адам оны жеңіл өткізеді. Мутацияға ұшыраған коронавирус аса қауіпті, әйтсе де вакцинаның күші вирустың әсерін азайтады. Коронавирусқа қарсы вакцина қабылдау – өміріңді сақтайды», – дейді іс-шараға қатысқан дәрігер-инфекционист Жанайым Полат. 

Айта кетейік, егу науқаны басталғалы бері қалада 521 078 адам вакцина алды. Оның ішінде 420 725 адам вакцинаның екі компонентін алды. Қазіргі таңда қаладағы эпидемиялогиялық жағдай тұрақталып келеді. Дегенмен, медицина мамандары босаңсуға болмайтынын ескертуде. Барынша сақтық шараларын сақтап, карантин режимін қатаң ұстануға шақырады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер