Мемлекеттік қызметшіге іскерлікпен бірге адалдық қасиеттерінің болуы маңызды

Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланған жиын өтті.  Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің қалалық департаментінің бас маманы Д.Жанысбек, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, құрметті мемлекеттік қызметші Б.Ибатова мен Инспекция басшылығы мен қызметкерлері қатысты. 

image.png

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде кезең-кезеңімен қабылданған заңнамалық шаралар, қызметтік әдеп нормалары бойынша ақпарат берілді. 

Сонымен қатар, қатысушыларға іскерлікпен бірге адалдық, парасаттылық қасиеттерінің болу маңыздылығы, жұмыс күні аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнында кідірісін, демалыс күндері жұмысқа шығару практикасын тоқтату жайы айтылды. 

Шара соңында азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тікелей Департаментке немесе Call-орталығына  хабарласа алатындығы айтылды.

Ақпараттың дұрыстығы, сондай-ақ заңды күшіне енген сот үкімі болған кезде олар ақшалай сыйақылармен көтермеленеді.  

Жалпы қалада өтініштер бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесуге ықпал еткен 11 тұлға көтермеленді. Олардың сыйақы мөлшері 2 млн.тенге шамасында соманы құрап отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қалалық мәслихатында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды
  • О трансформации Конституции Республики Казахстан в условиях современных реформ
  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер