«Күміс қалам» поэзия кешінің жеңімпазы анықталды

Шымкент қаласында «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты жас ақындар арасында республикалық «Күміс қалам» поэзиялық кеші мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас ақындардың ішінен оза шауып, жарқырай көрінген үздіктер анықталды. 

image.png

Ақтөбе облысынан келген Ершат Қайболдин әдеби байқаудың бас жүлдесі «Күміс қалам» иегері атанды. Жеңімпазға арнайы күмістен жасалған қалам мен бағалы сыйлық табыс етілді. 

Алматы облысының өкілі Айдана Қайсарбек финалист атанып, «Есенғали Раушанов» атындағы арнайы сыйлықпен марапатталды. 

Жартылай финалға өткен 4 ақын – Нұрболат Жолдасбек (Жамбыл облысы) «Жәркен Бөдешұлы», Әлімжан Әлішер (Шымкен қаласы) «Әбілда Аймақ», Мұқағали Кенжетай (Түркістан облысы) «Жеңіс Баһадүр», Салтанат Мадиярқызы (Шымкент қаласы) «Әділ Ботпанов» атындағы сыйлыққа ие болды. Қалған 14 ақынға қаламақы мен бағалы сыйлықтар берілді. 

Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева қатысушыларға алғысын жеткізіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.

Іс-шарада Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан, ҚР  Еңбек сіңірген қайраткері Ханбибі Есенқарақызы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Алдияр, «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің ұстазы Абай Қалшабек, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» мүшесі  Бекмұрат Анарбаев ақындарға өз бағасын беріп, жеңімпаздарды анықтады.

Айта кетсек, байқаудың мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жеткен жетістіктерді насихаттау, әдеби үрдісте дарынды жас ақындардың жарқырап көрінуіне жол ашу.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Состоялось первое заседание нового состава Общественного совета по вопросам развития АПК
  • Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамының алғашқы отырысы өтті
  • ШЫМКЕНТТЕ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАР» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
  • Бірқатар қызметкерлер "Ауыл" партиясының 25 жылдық мерекелік төс белгісімен марапатталды
  • Ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегі - аудан өркендеуінің негізгі тірегі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер