Абай ауданы аумағында Мүлік иелерінің бірлестігі (МБ) және Жай серіктестік (ЖС) бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, Абай ауданы аумағында 453 көпқабатты тұрғын үйлер бар. Оның 374-і кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасынан тіркелген. Бүгінгі таңда аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде мүлік иелерінің бірлестігі мен жай серіктестік құрудың тиімділігін түсіндіру бойынша тұрғындармен 372 жиналыс ұйымдастырылған. Нәтижесінде, 334 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жасалып, тұрғын үй көлеміне шаққанда ол 48,1 пайызды құрап отыр. 215 көпқабатты тұрғын үйде жай серіктестік құрылса, 57 көпқабатты үй мүлік иелері бірлестігіне өтті. Өткен аптада пәтер иелерімен тұрғындарымен 31 жиналыс өткізіліп, хаттамалары түзілді.
Өз кезегінде МИБ пен ЖС бойынша Әл-Фараби ауданында 411 жиналыс ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде 52 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелді. Сондай-ақ, 148 тұрғын үйде жай серіктестік пайда болды. Қосымша мүлік иелерінің бірлестігін құру бойынша 33 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жинақталуда. Бұдан бөлек, 22 көпқабатты тұрғын үйге кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша қажетті құжаттар (хаттамалар) тұрғындарға келісілуге берілді.
Ал Еңбекші ауданында қазіргі уақытта 630 көпқабатты тұрғын үйдің алтауының тұрғындарынан мүлік иелері бірлестігі және 195-нен жай серіктестік түріндегі келісімі және 30 бас тарту хаттамалары жинақталды. Сонымен қатар, 369 тұрғын үйге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 14-30 қыркүйек аралығында ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан 14 көпқабатты тұрғын үй иелеріне жаңа басқару жүйесі насихатталып, қол жинау үшін тұрғындарға хаттамалар берілді. Бүгінде ауданда 8 жай серіктестік тіркелді.
Қаратау ауданында осы күнде МИБ пен ЖС-ға тіркелу бойынша түсіндірме жұмыстары қарқынды қолға алынған. Қазіргі кезде ауданы аумағында жаңа басқару нысандарын насихаттау, ұғындыру мақсатында пәтер иелерімен 67 кездесу, 13 онлайн жиналыс өткізілді. Бүгінде Қаратау ауданында 9 МИБ және 220 ЖС құрылған. Сонымен қатар, түсіндірме жұмыстары нәтижесінде қалған көпқабатты үйлерден хаттамалар жиналуда.
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ