Парасат жолы: Жазушы Есқара Тоқтасынұлы жастармен кездесті

Screenshot_1.jpg

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханасымен бірлесе жазушы Есқара Тоқтасынұлының жастармен кездесуін өткізді.

«Парасат жолы» орталығында өткен шараға «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары, барлығы 40-қа жуық адам қатысты. 

Мақсат – жазушының шығармалары, қызықты оқиғалары арқылы жастар арасында парасаттылық құндылықтарын дәріптеу болып табылады.

Кездесуде қазақ әдебиеті тарихындағы спорт тақырыбына арналған тұңғыш романның авторы Есқара Тоқтасынұлы өмір жолы мен шығармашылығымен оқырмандарды таныстырды.  

Спикер, қазіргі жастарға жетістіктерге жетіп, барынша білім алуына мүмкіндіктердің көп екендігін айтып, оқырмандарды әрқашан үздік болып, ел дамуына үлес қосатын мықты маман болуға шақырды. 

Адалдық, парасаттылық құндылықтарына тоқталып, өмір жолындағы қызықты оқиғаларымен бөлісті. 

Сонымен қатар, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар қатысушыларды кітапхана қабырғаларынан «Парасат жолы» орталықтарының ашылу себебі мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу екендігін айтып, бүгінгі кездесу соның дәлелі болып отырғандығын жеткізді. Сонымен қатар, кеш қонағына Департамент атынан алғысын білдірді. 

Оқырмандар жазушы Есқара Тоқтасынұлының әңгімелеріне ризашылықтарын білдіріп, қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер