Шымкент: 265 азамат тұрғын үй сертификаты арқылы несиелік баспанаға қол жеткізді

Биыл Шымкентте 500 азаматқа 1 млн теңгеге дейінгі тұрғын үй сертификатын беру қарастырылған. Қазіргі таңда 265 азамат мемлекет тарапынан қолдау тапқан жеңілдікке ие болу арқылы алғашқы жарна төлеу міндетінен босатылып несиелік баспанаға қол жеткізді. Тұрғын үй сертифкатын иеленушілер - «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының несиелік негіздегі «2- 10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ», «5-20-25» бағытының қатысушылары. Тұрғын үй сертификатына жалпы саны 818 өтінім келіп түскен. 

image.png

Алайда оның ішінде 424 азаматтың өтінімі тұрғын үй сертификаттарының шарттары мен талаптарына сәйкес келмегендіктен бас тартылған. Бүгінде тұрғын үй сертификатына өтінімдер қабылдау «кezekte.kz» интернет ресурсы арқылы онлайн жүргізілуде. Бұл үшін әрбір азаматтың және оның кәмелетке толған отбасы мүшелерінің электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет. Қатысуға ниет білдірген тұлға соңғы 6 айда отбасының жиынтық табысы оның әрбір мүшесіне шаққанда 106 336,2 теңгеден аспаған жағдайда және тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беру туралы банктің мақұлдаған хаты арқылы тұрғын үй сертификатына өтінім жібере алады. Жыл басынан бері Шымкент қаласы бойынша «Отбасы банк» арқылы кредиттік тұрғын үймен «5-20-25» бағыты бойынша 730 азамат қамтылған болса, оның 261-і тұрғын үй кезегіне тіркелгендер. 

Сондай-ақ, «7- 20-25» бағдарламасы бойынша Шымкент қаласындағы екінші деңгейлі банктер арқылы 1362 азамат алғашқы тұрғын үйді нарықтан несие рәсімдеп сатып алған. «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 158 отбасы тұрғынжаймен қамтамасыз етілген. Айта кету керек жыл соңына дейін 7-20-25, 5-10-20 (Шаңырақ), 5-20-25, 2-10-20 (Бақытты отбасы) бағыттары арқылы жеңілдетілген кредиттік тұрғын үйлермен 4 413 отбасыны қамту жоспарлануда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер