«Visit Shymkent» жыл басынан бері 100-ден аса экскурсия

Өткізді Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы жыл басынан бері 10532 адамға анықтамалық-консультациялық қызмет көрсетті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының негізгі мақсаты – туристер мен қала қонақтарына «бір терезе» қағидасы бойынша ақпараттық-консультативтік көмек көрсету. Қала аумағында туристер көп шоғырланатын әуежай, темір жол вокзалы және саябақтарта 7 ақпараттық дүңгіршек қызмет атқарады. 

image.png

Қалада орналасқан ақпараттық киоскілер тарапынан жыл басынан анықтамалық-консультациялық қызмет көрсетіліп келеді. Оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан, Мажарстан, Ресей, Корея, Өзбекстан және т.б. шетелден келушілер де бар. Қонақтарға қала туралы бүктемелер, кітапшалар және карталар таратылып, 115 экскурсия өткен. 

Одан өзге, қаладағы туризм саласына қажетті нысандардың жағдайын анықтау үшін түгендеу жұмыстары жүргізіліп, туристік нысандардың дерек қорын жасақтап, сауалнама түзілді. Жалпы, Шымкент қаласының туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында жыл басынан бері бірқатар мекемелермен 20 меморандумға қол қойылған

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер