Рухани нәр беретін кездесу кеші өтті

Шымкент қаласындағы №74 жалпы орта білім беретін мектебінде Дина Нұрпейсованың 160 жылдығына орай «Даламды күймен тербедім» тақырыбында кездесу кеші өтті. Кеш қонақтар - оңтүстік өңірінің ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосып жүрген өнер жанашырлары, Жазушылар одағының мүшесі, 2001 жылы өткен Республикалық термешілер сайысының жеңімпазы, ақын, жазушы Бөрібай Оразымбет пен ақын, жазушы Абдулмахмуд Пошатаев болды. 

image.png

Сырлы сұқбатқа толы әсерлі кеште оқушылар және ұстаздар ақын өмірі мен шығармашылығынан, адами болмысы мен рухани әлемінен хабардар болды. Кездесу барысында мектеп оқушылары ақын жырларын нақышына келтіріп орындап, қаламгер ағаларына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды қойды. Мектеп оқушылары мен ұстаздар ақынның жүрегін жарып шыққан жырларын тыңдап, өлеңдерінен рухани сусындап қайтты. Кеш соңында мектептің директоры Исакова Нурипа Әуелқызы ақындар шығармашылығына ерекше табыс тілеп, өзекжарды тілектерін жаудырды. Сый-сияпаттарын тапсырып, құрмет көрсетті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Система хочет купировать риски
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер