Тұрғындарға жаңа реформа түсіндірілуде

Screenshot_6.jpg

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында 453 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 374-і кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасынан тіркеуден өткен. Бұдан бөлек ауданда кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және  жай серіктестік (ЖС) құру бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының медиа жоспары бекітіліп, тұрақты жұмыстар жүргізілуде. 

Осыған орай, бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен  көпқабатты үйлерде МИБ және ЖС құрудың тиімділігін түсіндіру бойынша тұрғындармен 501 жиналыс ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде, 365 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жасалып, тұрғын үй көлеміне шаққанда  69,9 пайызды құрап отыр. Оның ішінде, 259 көпқабатты тұрғын үйде ЖС және 58 көпқабатты үйде МИБ құрылған. Сондай-ақ өткен аптада көпқабатты тұрғын үй тұрғындарымен 23 жиналыс өткізіліп, хаттамалары түзілді. 

Әл-Фараби ауданында бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен  көпқабатты үйлерде басқарудың жаңа нысанына көшу бойынша тұрғындармен 470 жиналыс ұйымдастырылды. Соның нәтижесіне орай 53 көпқабатты тұрғын үй МИБ басқаруына көшті. Сондай-ақ, 184 тұрғын үй ЖС-ға өтті. Қосымша мүлік иелерінің бірлестігін құру бойынша  33 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жинақталуда. Бұдан бөлек, 22 көпқабатты тұрғын үйге кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша қажетті құжаттар (хаттамалар) тұрғындарға келісілуге беріліп, түсіндіру жұмыстар жалғасын табуда.

Бүгінге дейін Қаратау ауданы аумағында МИБ және ЖС басқару түрін түсіндіру бойынша тұрғындармен 74 кездесу, 16 онлайн жиналыс өткізілді. Аудан бойынша 9 МИБ және 228 ЖС құрылған. Сонымен қатар, түсіндірме жұмыстары нәтижесінде қалған көпқабатты үйлерден хаттамалар жинақталуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер