«Shymkent Marathon 2021» жоғары деңгейде өтті

Screenshot_16.jpg

Шымкент қаласында түрлі спорттық-мәдени іс-шараларды көптеп өткізу арқылы қала тұрғындарын белсенділікке шақыруға болады. Әрі мұндай марафондар қалаға келетін туристер саны артуына деп септігін тигізеді. 

Осы орайда жақында Шымкентте қаланың басты спорттық жарысына айналған «Shymkent Marathon 2021» спорттық іс-шара өтті. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау мақсатындағы бұл шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр. 

Мегаполисте осымен бесінші жыл ұйымдастырылып отырған жүгіру марафонына Шымкент қаласының тұрғындарымен бірге Қазақстанның 30 қаласынан келген спортшылар және әуесқойлар қатысты. Жарысқа «Ashyq» жүйесінде тіркеуден өткен қатысушылар жіберілді. Старт «Наурыз» алаңынан басталып, Бәйдібек би және Төлеметов көшесімен өтіп, Алматы А2 трассасына дейінгі бағытты алды. 

Мәре «Наурыз» алаңы болды. Қатысушылар 42, 21, 10 және 5 км қашықтықта жүгіріп өтті. Марафонға қатысушыларды қала әкімінің орынбасары М.Исахов құттықтап, адамның дені сау болуы үшін салауатты өмір салтын ұстану қажет екенін айтты. Жарыстың жалпы жүлде қоры 7 миллион теңге. 

Байқаудың барлық қатысушыларына халықтар достығы бейнеленген медальдар табысталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер