Бірлікті сақтау – басты міндет

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында халықты ел бірлігін нығайтуға шақырды. 

image.png

Алқалы жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесіне жанжақты қолдау қажет екендігін айтып өтті. Бұл қуантарлық жағдай. Себебі қазіргі таңда отбасылық өмір қиындықтары, саны артып келе жатқан ажырасу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жасөспірімдер арасында қол жұмсау, нашақорлықтың кең таралуы, интернетке тәуелділік мәселелері белең алып жатыр. Осы бағыттағы жұмыстар Аналар кеңесі атқарар басты міндеттердің бірі.  

Қазіргі таңда, Шымкент қаласында 13 Аналар кеңестері жұмыс жасайды. Оның ішінде: 1-қалалық, 4-аудандық, 8 - этномәдени бірлестіктер жанынан құрылған. Мүшелерінің жалпы саны - 117 адамды құрайды.  

Аналар кеңесі мүшелері жұмысының негізгі бағыттары: 

- Отбасы құндылықтарын сақтау, дамыту және ана болу институттарын нығайту; 

- Ерлі зайыптылардың ажырасуының алдын-алу; 

- Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу; 

- Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу; 

- мемлекеттік тілді жастар арасында насихаттау және ілгерілету; 

- Ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді жаңғырутуға бағытталған с-шаралар ұйымдастыру болып табылады. 

Жоғарыда аталған бағыттар бойынша 2021 жылы 80-ге жуық іс -шаралар өткізілді. Ірі жобаларға тоқталатын болсақ, «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы», «Аналар - шаңырақ шуағы», «Қыз - елдің көркі», «Бала тәрбиесі ана бойынан біткеннен басталады», «Бірге күліп шаттанайық!», «Ақ орамал», «Қазақтану» сынды бірқатар тәрбиелік бағыттағы жобалар  іске асырылып келеді.  

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген кеңесінде Президентіміз Аналар кеңесінің жұмысын жандандыруға үлкен сенім артып, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.  

Ақ жаулықты аналарымыздың өнегесін дәріптеп, ұлттық тәрбиені тиянақты пайдаланатын уақыт жетті. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру бойынша бірқатар жобаларды қолға аламыз. 

Себебі ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. 

Шымкент қаласы Қазақстан халқы  

Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің  

төрайымы Б.Көмекбаева. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер