Ел мақтаныштарының есімдері ұлықталды

Шымшаһарда қалалық мемлекеттік архивтің ұйымдастыруымен тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жылдарындағы Құрметті азаматтар» көрмесі өтті. Бұл жолы қаланың құрметті азаматтары аллеясына түрлі спорттық додаларда еліміздің даңқын шығарған азаматтар жиналды.

image.png

Көрмеде егемендік алған жылдарда 139 азаматтың мемлекеттік архивтерде сақтауда тұрған құжаттары негізінде жинақталған мәліметтер жасақталды. Еңбегі сіңген тұлғалардың жеке кітаптары, жобалары мен фотолары, құжаттамалары жиналған көпшілікке ұсынылды. 

Іс-шара барысында қазақ спортының саңлақтары, ел мақтаныштарымен кездесу ұйымдастырылды. Жиынның құрметті қонағы болған Олимпиадалық дәрежедегі төреші Бақытжан Жақсықұлов пен қазақ боксының дарабозы Нұржан Сманов өмірде өз түйгендерімен ой бөлісті. Болашақтың жарқын болуы үшін жастарға бағыт-бағдар берді. Жиында ел мақтаныштары жастарға өз тәжірибелерімен бөлісіп, өмірлік кеңестер беріп, спортпен шұғылдануға үндеді.

Жиында сөз алған қалалық мемлекеттік архивтің директоры Айпар Амангелдиева аталған жобаның маңызына тоқталды. Бүгінде қалалық архив мекемесі «Архив-2025» кешендік жоспары бойынша тәуелсіздік жылдары қалаға елеулі үлесін қосқан азаматтар туралы мәліметтер жинағын жарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Ұсынылған мәліметтер Шымкент қаласы мемлекеттік архиві мен қалалық мәслихаты архиві және Түркістан облысының мемлекеттік архивте сақтауда тұрған құжаттар негізінде жинақталған.

Азамат ЖАППАР

«ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ»

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер