Қала аумағындағы тас жолдардың саны артты

Биыл Шымкентте  277 көше, яғни 147,6 шақырым топырақ жолдарға тас төсеу жұмыстары толығымен орындалды. Қала аумағындағы ішкі орам және шалғайдағы елді мекендердегі көшелерге жүргізілген зерделеу нәтижесіне сәйкес іске асты. Бұл жөнінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді.  

image.png

Зерттеу жұмыстары барысында тағы 90 шақырым топырақ көшелерге тас төсеу қажеттілігі туындады. Аудан әкімшіліктері ұсынысымен белгіленген көшелер бойынша қазіргі уақытта Қаратау, Еңбекші аудандарында 53 шақырымын «Базис К» ЖШС, ал Абай, Әл-Фараби аудандарында 37шақырым жолды «Ақ Орда» ЖШС мердігерлігімен шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Қала бойынша Жаңаталап, Игілік, Нұршуақ, Агрофирма Қарасу, Достық-2, Қайнарбұлақ, Нұртас, Асар-1, 2 елді мекендерінде жұмыстар толық біткен. Қазіргі уақытта Тассай, Бадам, Жұлдыз, Оңтүстік, Еламан, Ақтас және 276 орам аймағында тас төсеу жұмыстары атқарылуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер