Ақ жаулықты аналар арасында «Ақ кимешек-2021» байқауы өтті

390277dc-9733-46d9-b0ea-4b9bea742943.jpg

Бүгін Шымкент қаласы Қаратау аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аналар қауымының арасында «Ақ кимешек-2021» байқауы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры»  бағдарламалық мақалаларының негіздерінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу және рухани тәрбие жұмыстарын атқаруда ардагерлердің қоғамдағы орны мен рөлін көтеру, жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлерінің негізінде тәрбиелеуге бағытталған. 

Байқау барысында ауданның ақ жаулықты аналары ережеге сәйкес түрлі кезеңдер бойынша өз бақтарын сынады. Іс-шара соңында қатысушылар жүлделі орындар мен арнайы номинациялармен марапатталды.

Іс-шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер және жергілікті тұрғындар қатысты. 

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кейінгі 5 жылда еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеген
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер