Шымкентте «Қыз жібек» операсы жаңаша сахналанады

Шымкент қаласының опера және балет театры 30-31 қазан күндері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын қайта жаңартып, көрермен назарына ұсынбақ. 

image.png

Биыл еліміздің музыкалық-сахна әлеміндегі тұңғыш қазақ операсы «Қыз Жібектің» дүниеге келгеніне – 87 жыл.  Бұл опера туындысы барша әлемді селт еткізіп, ықлас-зейінін өзіне бірден тартты. «Қыз Жібек» бүгінгі күні ұлттық опера өнерінде ең ұзақ бақытты өмір кешкен қасиетті туынды!

Ұлттық өнеріміздің алтын қорына енген 2 актілі 4 көріністі опера Шымкентте 2010 жылы А.Алтынбековтың режиссерлігімен сахналанған болатын.  

Араға жылдар салып, қойылымды жаңаша стильде қою мақсатында, Шымкент қалалық опера және балет театрына Ресей Федерациясының режиссеры Михаил Панджавидзе арнайы шақыртылды.

Шымкенттіктерге ұсынылатын «Қыз Жібек» операсы өзге нұсқаларынан мүлде бөлек қойылым болмақ. Үздік туынды енді Майра Мұхамедқызы басшылық еткен Шымкент қалалық опера және балет театрында жаңа музыкалық редакцияда,  жаңаша бағытта сахналанды. 

Сахнада ару Жібекті рөлін Әйкерім Шәріпбек пен  жас солист Жұлдызай Мұсаева  сомдайды. Төлеген рөлінде Мәдіхан Дуисеев өзінің ән орындау шеберлігімен көрермен көңілінен орын таппақ. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер