Жалған құжатпен жер сатқан ұсталды

Screenshot_1.jpg

Түркістан облысының полицейлері жалған құжат жасап, өзгенің жерін сатып жіберген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түлкібас  АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша өзіне тиесілі  8 соттық үйін белгісіз азамат нотариусқа барып, сатуға жалған сенім хат алған.  Содан соң құжат бойынша ол жерді  белгісіз адамға сатпақ болған.   Осылайша жәбірленушіге  3 миллион  теңге шығын келтірген. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 385-бабы «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. 

Түлкібас АПБ-ның полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды ұстап, ПБ-ға жеткізді. Бүгінде жалған жасалған іс-құжаттарға сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда аталған күдіктіге қатысты сотқа  дейінгі  тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға сақ болуды ескертеді. Егер сіз, осындай жайттардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер