Мақтаарал ауданында жоғалған қыз Алматыдан табылды

Screenshot_2.jpg

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 18 жасар қызды Алматы қаласынан тауып, отбасына қайтарды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мақтаарал ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша күндізгі сағат 16:00 шамасында өзінің 18 жасар қызы аудан орталығындағы жұмысына барып келемін деп үйінен шығып, содан оралмаған. 

Полиция қызметкерлері толық құрамда қызды іздеуге кірісті. Таныстарының үйін толық аралап, жақын құрбыларынан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастырды. Нәтижесінде тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталды. Ол Алматы қаласыннан табылды. Қазіргі таңда жасөспірім қыз ата-анасына аман-есен табысталды. 

Полиция қызметкерлерінің арқасында анықталғандай, жасөспірім қыз жұмыс жасап, ақша таппақ болған. Осылай ата-анасына көмек беруді ойлаған. Өз кезегінде қызының дін-аман табылғанына қуанып, анасы полицейлерге алғысын білдірді. 

Түркістан облысының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін үнемі ескертіп, оларды бақылауда ұстау керектігін ескертеді. Сонымен қатар жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде дос ретінде сөйлесуге кеңес береді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер