Мас жүргізуші сотталды

Түркістан облысында  мас халде көлік басқарған жүргізушіге қатысты сот шешімі шықты. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады.

image.png

Сарыағаш  АПБ-ның полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында, күнделікті рейдтік-профилактикалық  іс-шараларын  жүргізуде. Осындай кезекті шара барысында полиция қызметкерлері Сарыағаш  ауданы   көшелерінің бірінде келе  жатқан «Volkswaqen» маркалы көліктің алдыңғы  шамдары жанбай келе жатқанын көріп  тоқтатады. Оны тексеру барысында жүргізушінің сөздері анық болмай, көз жанары ерекше құбылып, тәртіп сақшыларына күдік тудырды. Полицейлер көлік жүргізушісін куәландырудан өткізеді. Нәтижесінде ер азаматтың мас күйде екені белгілі болады. 

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Осылайша жүргізушінің көлігі ақылы автотұраққа қойылды. Қазіргі таңда орын алған оқиғаға қатысты іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. 

Сарыағаш   аудандық сотының шешімімен күдікті азамат   ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер