«Зертас» ШҚ жылына 1 мың тонна сүт өнімдерін шығарады

Screenshot_12.jpg

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Айжан Наимбекова, Талғат Балтабаев және Мұрат Жолдыходжаевтар қала аумағында орналасқан «Зертас» ШҚ жұмысымен танысып қайтты. 

Асыл тұқымды сүт бағытындағы шаруашылық 2019 жылы Австриядан 128 бас сүтті-етті бағыттағы ірі қара әкеліп, жұмысын бастаған. Биыл сиырлардың саны 342-ге жетті. Оның ішінде сүтті бағыттағы ірі қараның саны – 161. Сонымен қатар ағымдағы жылы шаруашылық 200 басқа арналған қора жай да салған. 

Жалпы аумағы 2,2 гектарды құрайтын шаруа қожалығында «Параллель» заманауи сауу қондырғысы, сүтті жинауға арналған салқындатқыш танкер секілді инновациялық теxнологиялар қолданылады. Сиырларды тұрақты ұстау мен асыл тұқымды бұзауларды өсіру аймақтары да бар.

Мұнда әр бастан тәулігіне орташа есеппен 22 литр сүт алынып, жылына өндірілетін сүттің көлемі 1000 тоннадан асады. Шаруашылықта өндірілген сүт «ФудМастер» ЖШС-нің қайта өңдеу цехына өткізіледі. Шаруашылық басшысы мал басының санын арттыру үшін қосымша қора жай құрылысын жүргізіп, сүт өнімінің көлемін көбейтуді және халықты табиғи әрі сапалы сүт өнімімен қаматамасыз етуді жоспарлап отыр.

Мемлекеттік қолдауға келсек, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасына сәйкес, 2021 жылдың басынан бері өндірілген сүттің әр литріне 20 теңгеден мемлекеттік қолдау қорсетілуде.  

Ауыл шаруашылығы – еліміздегі ең маңызды салалардың бірі. Ебін тауып, еңбек етіп, пайдаға кенелемін деушілерге мемлекет тарапынан түрлі көмектер көрсетіліп келеді. Алдағы уақытта саланың экономикадағы салмағы артып, маңызы тереңдей түседі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер