«Asia Trafo» зауытының қуаттылығы жылына 12 000 мегавольт-амперден асады

Screenshot_18.jpg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында « ...2020 жылдың қорытындысы бойынша, индустрияландыру жүзеге асырылып жатқан 10 жыл ішінде тұңғыш рет өңдеу өнеркәсібінің экономиканы дамытуға қосқан үлесі тау-кен өндірісі саласынан асып түсті» деп атап өтті. 

Яғни қазір индустрияландыру арқылы экономиканы көтеруге болады. Қазір кез келген елдің немесе өңірдің экономикасының бәсекеге қабілеттілігі жоғары технологиялық өнімдерді шығаратын кәсіпорындардың болуымен өлшенеді. Міне, сондай іргелі кәсіпорындардың бірі де бірегейі – «Asia Trafo» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан трансформатор жабдықтарын шығаратын зауыты. Бұл Орталық Азиядағы трансформаторлық жабдық өндіретін ең ірі зауыттың бірі. Компания директоры Омар Асановтың айтуынша, зауыттың негізгі өнімі – қуаты 500 МВА дейінгі 110, 220, 500 және 750 кВ кернеу санатындағы майлы трансформаторлар мен автотрансформаторлар және реакторлар. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 12 000 мегавольт-амперден асады.

— Жоғарғы ғылыми технологияның негізінде жасалатын бұл тауарлар еліміздің түрлі өңірлерімен қатар Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Украина және Грузияға экспортталуда. Өндірісті басқару толық компьютерлендірілген. Атап айтқанда, өндіріске прогрессивті және экологиялық таза технологиялар енгізілген. Конструкторлық құжаттаманы әзірлеуден бастап, шығарылған бұйымды тұтынушыға жөнелткенге дейінгі бүкіл процесс заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету базасында жұмыс істейді. Машина жасау секторындағы әлемдік көшбасшылар қолданатын бұл технология құжат айналымын электронды түрде жүргізуге және өндіріс циклын толықтай визуализациялауға мүмкіндік береді. Басқаша айтар болсақ, бізге тапсырыс берген тұлға немесе компания өз тапсырысының қабылдануынан бастап, трансформатордың дайын болуына дейінгі барлық жұмысты электронды жүйе арқылы бақылап отыра алады. Бұл өз кезегінде өнім сапасының жоғары болуына оң ықпал етеді, – дейді О.Асанов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер