«SAGITEX GROUP» жеңіл өнеркәсіп өнімдері өндірісін қолға алды

Screenshot_19.jpg

Шымкент қаласында өнеркәсіп саласы жылдан жылға дамып, ол республикадағы ірі индустриалды орталықтардың біріне айналып келеді. 

Өткен жылы пандемия салдарынан экспорттың шектелуі, тұтыну нарығының кең қанат жая алмауы өңдеу өнеркәсібі тауарларына деген сұранысты азайтқаны рас. Соған қарамастан, Шымкентте 2020 жылы өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларында өсу динамикасы байқалған. Айталық, өткен жылы фармацевтика өнеркәсібі – 66,1 пайызға, машина жасау – 38,6 пайызға, тамақ өнеркәсібі – 18,4 пайызға, металл емес минералдық өнімдерді өндіру – 10,3 пайызға және металлургия 2,6 пайызға өсіпті.

Салалық басқарманың мәліметі бойынша, 2021 жылы қалада өнеркәсіп секторында 21 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Бұл 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді екен. Қазіргі таңда бұл кәсіпорындардың бірқатары ашылып та үлгерген. Мәселен, «SAGITEX GROUP» ЖШС-і жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіретін фабрика ашуға 337 миллион теңге қаржысын жұмсады. Нәтижесінде, жылына 400 мың дана ішкиім тігетін кәсіпорын іске қосылды. Сонымен қатар биыл ашылған кәсіпорындардың қатарында «KASPY STEEL» ЖШС-інің металл бұйымдарын құятын зауытын атап өтуге болады. Қырық адамды жұмыспен қамтып отырған шағын зауыт жылына 1 000 тонна металл өнімдерін шығарады. Сол сияқты биыл «TABA INDUSTRIAL» ЖШС-інің дөңгелек шығаратын зауыты, «СК-АЙМАҚ» ЖШС-інің жиһаз цехы да ашылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер