Шымкентте жаңадан 4 индустриалды аймақ ашу бойынша жұмыс жүргізілуде

Screenshot_20.jpg

Өнеркәсіптің дамуына қаладағы индустриалды аймақтар да өз үлесін қосуда. «Оңтүстік» индустриалды аймағы – республикада алғашқылардың бірі болып ашылған аймақ. Бүгінде сол аймақ зауыт-фабрикаларға толып тұр. Ал, «Тассай» индустриалды аймағында 21 кәсіпорын жоба іске қосылып, онда 1 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. Қос аймақ та толып қалуына байланысты жаңадан 4 индустриалды аймақ ашу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Оның біріншісі – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Қазір мұнда инженерлік инфрақұрылым жүйелері салынуда. Бұл аймақта құны шамамен 200 млрд. теңге болатын 60 ірі заманауи кәсіпорындар ашылады деп күтілуде. Екіншісі ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуге бағытталған «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Мұнда құны 23 млрд.теңгені құрайтын 1 810 жұмыс орнымен 21 жоба іске асады. Үшіншісі – агроиндустриалды аймақ. Бұл 136 гектарды алатын заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені болады. Ал, төртіншісі – «Стандарт» жеке индустриалды аймағы. Мұнда шағын және орта бизнес субъектілері шоғырландырылады. Заманауи қоймалар, шағын өндірістік цехтар ашылады. Аймақта 180 млрд. теңгені құрайтын 30 жоба іске асып, 4,5 мың адам жұмыспен қамтылады.

Жалпы, мұндай индустриалды аймақтың артықшылығы кәсіпорын ашуды жоспарлаған инвестор тек жер телімін ғана тегін алып қоймайды, сонымен қатар ол өз кәсіпорнына электр қуаты, газ, су, жол мен темір жол тұйығын жеткізу мәселесіне де бас қатырмайды. Осындай инфрақұрылымының барлығы әзірленген жер телімін алып, сол жерге өз зауытын сала береді.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Шымкентте осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында өңірлік кәсіпкерлікті қолдаудың арнайы картасы әзірленген. Соның аясында 2025 жылға дейін жалпы құны 366,9 млрд. теңгеге 45 инвестициялық жоба іске асырылады. Бұл 4 500-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер