Түркістан облысында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Screenshot_9.jpg

Отбасында орын алатын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында, Түркістан облысы Полиция департаментінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Мәселен,  Жетісай  АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ аға инспекторы Жанна Шалбекова, аудандағы қыз-келіншектердің жай-күйін саралай отырып, оларды қандай да бір қысым көрсетілуден қорғау үшін білім беру орталықтарында маңызы зор іс-шара жасады. Оған медицина және жоғары білікті психолог мамандарын шақырып, қыздар арасында орын алатын зорлық-зомбылық бойынша семинар-сабақтар өткізді.

Аталған іс-шарада бүгінгі таңда көптеп орын алып жатқан ерте жүктілік жайттары мен отбасындағы әлімжеттік қылмыстарының алдын алуға бағытталған сұхбаттар өрбіді. Өзгенің қателігінен сабақ алу мақсатында, оқушылар, ұстаздар мен жиналысқа шақырылған аналарға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты тіркелген жайттар, әйелдердің қорғау нұсқамасына алынуы сынды деректер айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ сабақ барысында  кәмелет жасына толмаған қыздар тарапынан мамандарға түрлі сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Ең бастысы - әрбір адамды қорғайтын заң барын ұмытпау қажет, егер де кездейсоқ келеңсіз жағдайларға тап болсаңыз, бірден тиісті мекемелерге арыздану керектігі айтылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер