Қалаға жету үшін өзгенің көлігін заңсыз, рұқсатсыз айдапты

Screenshot_10.jpg

Түркістан облысының  полицейлері тұрғынның автокөлігін заңсыз айдап  кеткен күдіктіні ұстады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келді. Оның айтуынша сағат 08:00 шамасында белгісіз тұрғын үйінің ауласында тұрған «Газел»  маркалы көлігін заңсыз айдап кеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты  ҚК 200-бабы «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. 

Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына толық құрамда шығып, жедел-тергеу амалдарын бастап кетті. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін қажетті барлық шаралар атқарылды. Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері  күдікті ретінде ер адамды құрықтады. Осылайша  полицейлер күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды ПБ-ға жеткізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. 

Белгілі болғандай күдікті үйінен  жаяу келе жатып, жолда жәбірленушінің көлігін көрген. Содан соң өзінің барар жеріне жетуді көздеп, автокөлікті айдап кеткен. Күдікті барар жеріне жеткен соң,  қала көшелерінің біріне қалдырып, оқиға орнынан бой тасалаған. 

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға автокөліктеріне сақ болуды ескертеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер