Келешегі кемел саланың білікті жетекшісі

Screenshot_6.jpg

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде білім саласындағы жаңашылдықты игерген білімді мамандар ел игілігіне еңбек етуде. Сондай саланың бірі – ІТ саласы. 

Шымкент қаласында М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің оқу істері бойынша директордың орынбасары, PhD докторант  Диларам Баумуратова шәкірттерін келешегі кемел салаға бағыттап келеді.

Алғашқы еңбек жолын 2009 жылы осы колледжде арнайы пән мұғалім ретінде бастаған жас маман әу бастан өзінің ізденімпаздығы мен білімпаздығымен көзге түсті. Көп уақыт өтпей кафедра тізгінін қолға алып, ІТ саласына қатысты бағдарлама әзірлей бастады. 

Ол 2016 жылдан бастап  Жұмыспен қамту орталығы мен Кәсіпкерлер палатасы үшін  «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы мен  «ЭЕМ операторы» біліктілігі бойынша кәсіптік білім беру бағдарламасын дайындаған.

Педагогтердің цифрлық білімдерін дамытуға және қашықтан білім беруді жетілдіруге 7 бағдарламаны қолданысқа енгізді. 

2020 жылдан бастап  «Talap» КЕАҚ бастамасымен М. Өтебаев колледжі базасында студенттер мен мұғалімдердің кәсіби жетілуіне ықпал ететін «CISCO ACADEMY» құрылған болатын. Академияға осы саланының білікті маманы Д.Баумуратоваға жетекшілік етуде.  

Ұстаз өзі ізденумен шәкірттерін де бәсекеге қабілетті, сапалы маман болып шығуына белсене атсалысып жүр. Студенттері «WorldSkills Kazakhstan-2019» республикалық чемпионатында «Желілік және жүйелік басқару» құзыреттілігі бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған.

Тынымсыз еңбектің арқасында Диларам Бекболатқызы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» марапатталса, биыл «Үздік педагог-2021» байқауының қалалық кезеңінде жеңімпаз атанды. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер