«Жас өнерпаз» байқауы өтті

Screenshot_4.jpg

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шымкенттегі Дарын орталығында мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасында «Жас өнерпаз» музыкалық шығармашылық  байқауы өтті.  Байқауға Шымкент қаласының мектепке дейінгі 31 ұйымнан 57 тәрбиеленуші қатысты. 

Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде өткен байқаудың негізгі мақсаты - балалардың шығармашылыққа деген талпынысын арттыру, дамуына қолдау көрсету, дәстүрлі әндерді дәріптеу. Сондай-ақ, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып ізгілік пен адамгершілікке баулу.  

Байқауға қатысып, өнер көрсеткен өрендердің арасынан жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Жеңімпаздарды Дарын орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Джеренова Раушан Омарханқызы марапаттады. 

 Байқау "Әнші балапан", "Биші балапан" және "Сәнқой балақай" номинациясы бойынша өткізілді. Жеңімпаздарға I, II, III дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер