«Шамshyraq» фестивалі мәреге жетті

Халықаралық зағиптар күніне орай Шымкент қаласы Мәдениет және Тілдерді дамыту басқармасының және Шымкент қаласы  көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының ұйымдастыруымен  «ШамShyraq» қалалық фестивалі өз мәресіне жетті.

image.png

Екі күнге ұласқан мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өмірге құштар жандарды бір марқайтып тастады. 

3 номинация бойынша өнерпаздар сайысқа түсіп жеңімпаздар анықталып, ақшалай сыйлықтар табыс етілді. 

Бұдан бөлек,  «Тәуелсіздікке тағзым!» зағип оқырмандармен атқарылған жұмыстар, көрмесі; 

—«Рухты жаңғырту, парызымыз» ҚР-ның 30 жылдығына арналып шығарылған  тактильді кітаптар тұсаукесері;

— «Саусақ ұшындағы әлем» зағиптарға арналған арнайы шахмат және шашкі бойынша  спорт сайысы;

—«Атадан өсиет...»  көрмесіне шолу (сазды балшықтан жасалынған түрлі бұйымдар, көне музыкалық аспаптар). Этномұражай директоры Қарабдалов Кендебай Әбжаппарұлымен жүздесу;

—«Әдебиет пен өнердің шұғыласы» жергілікті ақындар-жазушылар, айтыскерлер, әншілер, композиторлармен  кездесу;

—«Ізгілік мекеніндегі ашық алаң» жас тілшілер, блогерлермен  сұхбат және Алматы қаласынан келген SATR.kz  компаниясының зағип жандарға арналған автоматтандырылған құрылғыларымен таныстыру болды. 

Осынау кешті жоғары деңгейде өтілуіне ат салысқан Көрме Орталығына алғыс айтамыз. Мереке құтты болсын!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер