Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол таңбалары сызылды

Шымкентте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу мақсатында қала көшелеріне жол таңбалары сызылды. Мұндай жаңарту жұмыстары қолданыстағы стандарттарға сәйкес тұрақты түрде атқарылады

image.png

Шаһардағы асфальт жолдың жалпы ұзындығы – 2029,2 шақырымды құрайды. Жыл басынан бері қалада көліктердің жол қозғалысын реттеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 215 шақырым жол таңбалары сызылды. 150 шақырым термопластикпен, қалған 65 шақырымды  акрильді бояумен сызу жұмыстары атқарылды. 

Сонымен қатар, Абай ауданы бойынша 12 орында, Әл-Фараби ауданында 36 орын, Еңбекші ауданында 17 және Қаратау ауданы аумағында 3 орында жол таңбаларына кедергі келтіретін ағаш орындары ауыстырылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер