Спорттық алаңша ашылды

Шымкенттегі №74 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай, спорттық алаңша ашылды. 

image.png

Спорт алаңшасының салтанатты ашылу рәсіміне мектеп директоры Нүрипа Әуелқызы және қамқоршылық кеңесінің төрағасы Төлеміс Елібек Худиярұлы, «Көркем әжелер» тобының мүшесі Анипа Искакова және ата-аналар мен  жергілікті тұрғындар қатысты.

Жаңадан ашылған спорт алаңшасында енді балалардың алаңсыз спортпен шұғылдануына мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек мектепте бірнеше  спорт үйірмелері жұмыс істейді. Үйірме жетекшілерінің айтуынша, жаңадан ашылған спорт нысаны арқылы волейбол мен кіші футболды дамытуға болады.  Мұның барлығы да балалардың болашағы үшін жасалып отырған игі іс. Білім нәрімен сусындаған, дені сау ұрпақ ертеңгі ел жүгін көтерер азамат болары хақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қалалық мәслихатында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды
  • О трансформации Конституции Республики Казахстан в условиях современных реформ
  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер